Қытайда ұйқылы-ояу жүрген жүргізушілерге ащы бұрыштан дәм татқызылады

БЕЙЖІҢ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат – Қытайдың Чунцин қаласының жолдарымен жүретін жүргізушілерді жол полицейлерінің тарапынан ерекше дәм күтіп тұр – жаңа акция аясында тәртіп сақшылары ұйқылы-ояу жүрген жүргізушілерге ащы бұрыштан дәм татырмақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Жергілікті қытай басылымдарының хабарлауынша, Қытайдың ұзаққа созылған жаңа жылынан кейін жүргізушілерге ащы қызыл бұрыш үлестіріле бастаған, себебі көктемде адамдар маужырап, көбірек ұйықтағылары келеді деп саналады. Полиция мәліметтері бойынша, Чунцин жүргізушілеріне соңғы 9 күннің ішінде 1,5 киләдай чили бұрыштары үлестірілген.
Соңғы жаңалықтар