Қытайда заңсыз дәрі саудасына байланысты 135 адам қамауға алынды

Қытайда дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандарды әшкерелеуге байланысты бірқатар азамат қамауға алынды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Қытайда заңсыз дәрі саудасына байланысты 135 адам қамауға алынды

Сот шешімімен елдің 22 провинциясында 135 адам қамауға алынды. Қамауға алынғандардың ішінде он азамат - денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, тергеу бойынша оларға селқостық танытты деген айыптар тағылды. Олар жасырын сатушылардан мемлекеттік мекемелер үшін лицензиясы жоқ дәрі-дәрмектерді сатып алған. Күдіктілердің көбі дәрілерді заңсыз қайта сатумен айналысқан, деп хабарлайды жергілікті прокуратура.

Бұл дау Қытайда бірнеше ай бұрын шықты. Тергеушілердің айтуынша, олар вакциналарды қымбат бағамен қайта сатумен айналысқан ірі қылмыстық топтың заңсыз желісін анықтаған.

Наурызда аталған іс бойынша 37 адам қамалды. Бизнестің негізгі ұйымдастырушылары - ақпан айында Шаньдун провинциясында қамауға алынған шешесі мен қызы болды.

Ол екеуі 2011 жылдан бері лицензиясы бар, немесе жоқ дәрі өндірушілерден дәрілерді сатып алып, оларды қара нарықта немесе ауруханаларға сатқан. Бұл ретте дәрі-дәрмектерді сақтау талаптары жиі бұзылған.