Қытайда зауытта болған жарылыстан көптеген адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қытайда Нинбо қаласындағы зауыттардың бірінде (Чжэцзян провинциясы) жексенбі күні таңғы 09:00-де жарылыс болды.
Салдарынан бірнеше ғимарат қирады, деп хабарлайды Синьхуа . Оқиғаны көргендердің айтуынша, зардап шеккендер бар. Оларды жеңіл жәрдем ауруханаға жеткізіп жатыр.
Жарылыс болған жерде құтқару шаралары жүргізілуде. Оқиға орнына қаланың өртке қарсы қызметінің 5 бригадасы мен 16 көлігі шұғыл аттанып кетті.