Қытайда зауыттар мен фабрикалардың жұмысы тоқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда атмосферадағы қауіпті заттардың күрт артуына байланысты елдің метеорологиялық басқармасы қауіптіліктің ІІ деңгейін жариялады. Соған байланысты елдің бірқатар ауданында зауыттар мен фабрикалардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Қытайда зауыттар мен фабрикалардың жұмысы тоқтады

Экологиялық жағдайлар салдарынан билік тыныс алу және жүрек-қан тамырлары ауруларымен сырқаттанатын адамдарға көшеге шықпауға кеңес беріп отыр. Мамандардың болжауынша, аспанды торлаған қауіпті тұман тек ертең сейілуі мүмкін. Ал экологиялық жағдай тек алдағы аптаның ортасына қарай жақсармақ, деп жазады 24.kz.