Қытайда зейнетке шығу жасы ұлғайтылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай билігі халықтың зейнетке шығу жасын ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп жазады 24.kz.

Бүгінде бұл елде ер-азаматтар - 60, ал әйелдер жұмыс істеген саласына қарай 50-55 жасында құрметті демалысына шығады. Әзірге жаңа зейнет жасына қанша жыл қосылатыны белгісіз. Белгілісі - билік осының арқасында үш негізгі мәселені шешпекші. Олар: жұмыс күшінің жетіспеушілігі, зейнетақы қорына түсетін салмақ және экономика дамуын қалыпты ұстау.

Қытайдың Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің зерттеушісі Цзинь Вэйганның мәліметі бойынша, 2015 жылы 16-60 жас аралығындағы Қытай тұрғындарының саны 5 млн адамға дейін қысқарған. 70-інші жылдары енгізілген «бір отбасыға - бір бала» саясаты жүргізілгендіктен, еңбекке қабілетті жастар саны да осынша кеміпті. Бүгінде Қытайда жасы 60-ты еңсерген азаматтар саны 200 миллионнан асады. Бұл ел тұрғындарының 16%-ы екен.

Жағдайды реттемесе, 2050 жылға қарай аталмыш көрсеткіш екі есе өспек. Жергілікті ақпарат құралдары бұл жоспар бесжылдық өтпелі кезеңнен кейін, 2020 жылға қарай іске асуы мүмкін деп жазады. Ал тұрғындар болса аталмыш жаңалықты әрқалай қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар
telegram