Қытайда жабайы қабандар қора толы қойды жарып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Іле қазақ автономиялы облысы, Күнес ауданының Қаратерек, Саршоқы қатарлы өңірлеріндегі шопандар қорасына ашыққан жабайы қабандар кіріп, ұсақ малдарын жарып кететін оқиғалар жиілеп кетті, деп жазады «Шынжаң» газеті.
None
None

«Жергілікті шопандардың айтуына қарағанда, үнемі топтасып жүретін жабайы шошқалар көктем мен қыста қораға кіріп малды шығындаса, жазда табиғи жайылымды қазғылап, шабындықты   бүлдіріп кететін болған.Осыдан 2 жыл бұрын Күнес ауданының тұрғыны Ысрайыл мен Ақылбектің қорасын сындырып кірген  жабайы қабандар 30 қозы мен 6 саулық қойын жарып кеткен. Бұл секілді оқиғалар соңғы кезде жиілемесе азаймай отыр.  Тіпті, Нарат өңірінде жабайы шошқа адам жарақаттап, кісі жазым болған жағдай да кездескен. Соңғы жылдары үкіметтің жабайы хайуанаттарды қорғау тебінін арттыруына байланысты, орманды өңірлердегі қоңыр аңның саны қауырт көбейіп, жайылым экологиясының бүлінуіне өз әсерін тигізсе, қасқыр, жабайы шошқа сияқты жыртқыш аңдардың мал шаруашылығына тигізетін зияны да күн сайын артып келеді»,  деп жазады аталмыш басылым.

Мемлекет жағынан қорғалатын хайуанаттар тұрғындардың малына шабатын болса, оның шығынын кім өтеуі керек? Газет осы сұрақтардың жауабын іздеп, заң мамандарының кеңесіне жүгінген. Заңгерлер мемлекет жағынан қорғалатын аю, қасқыр, жабайы шошқа тектес жыртқыш хайуанаттар тұрғындардың малын жеп кетсе немесе түрліше дәрежеде экономикалық шығын әкелсе, онда осыған қатысты Қытай заңдарында қарастырылған белгілемелер негізінде тиісті мемлекеттік мекемелерге, келтірілген шығын туралы арыз жазуға құқылы екенін айтады.

Соңғы жаңалықтар