Қытайда жабайы піл жұмысшыларға шабуылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жабайы піл техникалық қызметкерлерге шабуылдады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Жу Сю Ня атты азиялық піл Юньнань провинциясының оңтүстігіндегі қорықтың маңында кабелді жөндеп жатқандарға ұмтылған. Жұмысшылардың бірі жарақат алды, екеуі хайуаннан қашып құтылған.
Биыл ақпанда осы піл қорық жанындағы жол жиегіндегі тұрғын он шақты көлікті қиратқан.
Қытайдың осы орманды алқаптар жабайы пілдердің соңғы мекендері. Елдегі зоологтар жабайы пілдердің саны 300-ден аспайды деп есептейді.