Қытайда жаңа туған нәрестені анасы аурухана дәретханасында суға ағызып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР-да құқық қорғаушылар ауруханалардың бірінде жаңа туған сәбиін өлтірмек болған ананы іздестіріп жатыр.

Қытайда жаңа туған нәрестені анасы аурухана дәретханасында суға ағызып жіберген

Оқиға қытайлық Юньань провинциясының оңтүстік-батысында орын алды, деп жазды Mirror.

Нәрестенің жылаған дауысы дәретхана жақтан шыққан, алайда онда болмай шықты. Біраз уақыттан кейін клиника қызметкерлері сәби аурухананың барлық қабатындағы дәретханаларды біріктірген кәріздік жүйенің құбырында тұрып қалғанын түсінді.

Оқиға орнына құтқарушыларды шақырды, олар құбырдан баланы алып шықты, деп жазды lifenews.ru.