Қытайда жаңажылдық «Чуньюнь» маусымы басталды, 2,91 млрд адам тасымалданбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жексенбі, 24 қаңтарда жаңажылдық «Чуньюнь» жолаушылар тасымалдау маусымы басталды.

   Қытайда  жаңажылдық «Чуньюнь»  маусымы басталды, 2,91 млрд адам тасымалданбақ

2016 жылы маусым 24 қаңтардан 3 наурызға дейін созылады, бұдан бұрын ҚХР Ұлттық даму және реформалар комиссиясы ағымдағы жылы елдің көлік жүйесі жолаушылардың рекордтық санын - 2,91 миллиард адам тасымалдайтынын хабарлаған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда, 3,6 пайызға артық.

Қытайда жаңажылдық сапар маусымына арнайы «Чуньюнь» атауы берілген. Ол әлемдегі ірі көші-қон құбылысы болып табылады: жүздеген қытайлықтар Жаңа жылды отбасында қарсы алу үшін үйлеріне барады.

«Чуньюнь» әдетте, ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл, көктем мерекесі - «Чуньцзе» басталғанға дейін 14 күн бұрын басталады. 2016 жылы ол 8 ақпанда түнде басталады. Қытайда ресми жаңажылдық мерекелер 7-13 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды РИА Новости.