Қытайда жаңажылдық мерекені атап өту кезінде 35 адам құрбан болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шанхай қаласындағы әйгілі Вайтань жағалауында адамдардың бір-бірін басып кетуі салдарынан 35 адам ажал құшты, деп хабарлайды ТАСС Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа жылды қарсы алу мерекесіне орай көптеп жиналған адамдар бірін-бірі баса-көктеп басып-жаншып кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жағалауға тығыз топтасқан бірнеше адамдар легі бірдей ұмтылған, ал полиция қызметкерлері оларға тосқауыл бола алмай қалған. Жаралы болғандардың нақты саны әзірге хабарланбай отыр, олар №1 халық госпиталіне жеткізілген.