Қытайда және Қырғызстанда, шамамен Алматыдан 300 шақырым жерде бірнеше рет жер сілкінді

Зізлала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде, Қытайдың аумағында орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.0. Тербелісі - MPV 4.1. Зілзала 15 шақырым тереңдікте орналасты. Оның сезілуі жөнінде (МSК-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.
Алматы уақыты бойынша сағат 17.25-те жер сілкінісі тіркелді. Зізлала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 290 шақырым жерде, Қытайдың аумағында орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.6. Тербелісі - MPV 3.9. Зілзала 15 шақырым тереңдікте орналасты. Оның сезілуі жөнінде (МSК-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.
Алматы уақыты бойынша сағат 17.38-де жер сілкінісі тіркелді. Зізлала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 360 шақырым жерде, Қырғызстанның аумағында орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2 Тербелісі - MPV 4.0 Зілзала 5 шақырым тереңдікте орналасты. Оның сезілуі жөнінде (МSК-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.