Қытайда жанұялары шетелде тұратын шенді-шекпенділердің лауазымдары көтерілмейтін болды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайда әйелдері немесе балалары шет мемлекеттерде тұратын шенеуніктердің мансабын өсірмеу туралы шешім қабылданды. Аталмыш шара жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыстың аясында жасалуда, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі жергілікті басылымдарға сілтеме жасап.

Қытайда жанұялары шетелде тұратын шенді-шекпенділердің лауазымдары көтерілмейтін болды

Аталмыш бастаманы елдегі коммунистік партияның Орталық комитеті көтеріп отыр. Бұл қадам бюджет қаржысын жымқырып, шетелге қашып кететін Қытайдағы парақор шенеуніктердің санын азайтады деп күтілуде.

Сонымен қатар өз қызметіне салғырт қарағаны үшін лауазымынан төмендетілген функционерлер бір жылға дейін жоғарылатылмайтын болады. Құжатта атап көрсетілгендей, қызметкерлердің ең зиянды әдеттеріне жұмыстағы формализм, бюрократизм және гедонизм сынды қасиеттері көрсетілген.