Қытайда жапондардың жұмысы тоқтап жатыр

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жапондық компаниялар тобы Қытайдағы дүкендері мен зауыттарын жабуда. Бұл қадамдар Сенкаку аралына таласуға қатысты аумақтық жанжалға байланысты жаппай жапонға қарсы шығудан туындауда, деп жазады 1tv.kz.

Қытайда жапондардың жұмысы тоқтап жатыр

РБК хабарлағандай, негізінен, Panasonic компаниясы оларға арналған құрылғы істен шыққаннан кейін электроника өндіретін екі зауытының жабылғанын айтты. Компанияның ресми өкілі мәлім еткендей, екі нысанның бірінде жұмысшылар «жою әрекеттеріне» көшкен.
Canon цифрлы камерасын өндірушілер өздерінің Қытай аумағындағы төрт зауыттарының үшеуі уақытша жабылды деп хабарлады. Аталған шаралар қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған. Сондай-ақ All Nippon Airways әуе операторы Қытайдан Жапонияға ұшпайтын болған рейстер санының артқанын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Жапонияның Шығыс Қытай теңізіндегі Сенкаку аралын өз иелігіне айналдыру ниеті ҚХР-дағы Жапонияға қарсы жаппай ереуілдерге әкеп соққан болатын. Ереуілшілер Жапонияға қарсы шара қолданылуын талап етті. Жапонияға қарсы ереуілдер кезінде жүзден астам жапондық маркалы көліктер өртеліп жіберді. Соның салдарынан Токио Пекинге жапондық азаматтардың, оладың мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрауға мәжбүр болды. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Шэньчжэнь қаласында полиция ереуілшілерді көзді жасаурататын газдың және сулы зеңбіректердің көмегімен таратты. Даулы аралдарға қытайлық кеме керуені бет алды.