Қытайда жарылыс туралы жалған ақпарат таратқан 50 сайтқа тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Тяньцзинь қаласында болған жарылыстарға байланысты жалған ақпарат таратып, абыр-сабыр жағдайын тудырғаны үшін 50 сайтқа тыйым салынды, деп хабарлады «Синьхуа».

Қытайда жарылыс туралы жалған ақпарат таратқан 50 сайтқа тыйым салынды

Шенеуніктердің мәліметінше, жалған жаңалықтардың ішінде «жарылыста кем дегенде 1 мың адам қаза тапты», «Тяньцзиньдегі сауда орталықтары тоналды», «Тяньцзинь үкіметінде басшы ауысты» деген ақпараттар болған.

18 сайт лицензиядан айырылды, 32 сайттың қызметі уақытша тоқтатылды.

Билік алдағы уақытта да жалған ақпарат тарататын ресурстарды тексеретінін айтты.

Осыған дейін хабарланғандай, Тяньцзиньдегі жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 112 адамға жетті. Із-түзсіз жоғалғандардың тізімінде 95 адам бар.