Қытайда жасалған робот Гиннестің рекордын жаңартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жасалған Xingzhe No.1 атты төрт аяқты робот квадроподтарға арналған қашықтық бойынша Гиннестің жаңа рекордын орнатты.
Роботты Чунцин университетіндегі Автоматтандыру мектебінің зерттеушілері жаңа әлемдік рекордты орнату мақсатымен жасаған, деп жазады epochtimes.ru.
Аккумулятор батареясының бір қуатталуымен Xingzhe No.1 54 сағат, 34 минутта 360 мыңға жуық қадам жасап, 134 шақырым жолдан өтті. Робот жаңа рекордты 2015 жылдың 24 қазанында орнатқан.