Қытайда жасы 2735 жылға жеткен ағаш табылды

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Цзилинь провинциясының орман шаруашылығы басқармасының шешімімен Чанбайшань тауларында Цзэнфэнлин қорығы құрылды.

Қытайда  жасы 2735 жылға жеткен ағаш табылды

Мұнда осы жерден табылған 2735 жылдық шілік ерекше қорғалатын болады.

Цзилинь провинциясының Хэлун қаласының Хуангоу орман шаруашылығынан хабарлағандай, орман ресурстарын зерттеу кезінде шіліктердің сирек кездесетін тобы анықталған. Олардың ең ірісінің диаметрі 185 сантиметрді құрайды. Ағаштың діңін ересек төрт адам ғана қолдарымен қоршай алады.

Цзилинь қаласының орман шаруашылығы институтының мамандары бұл шілікке 2735 жыл болған деп есептейді. Ұзақ жасаушы ағаштың жоғары жағы жаратылысынан сынғыш болғандықтан, оның ұзындығы небәрі 13 метрді құрайды.

Қорық аймағында 900 жылдық тарихы бар тағы 14 «кәрі ағаш» бар. Соның біріне - 1826 жыл. Оның биіктігі 17 метр, діңінің диаметрі 126 сантиметр, деп хабарлады Росбалт.