17:33, 02 Тамыз 2015 | GMT +5
Қытайда жауған бұршақтан 6 адам ажал құшып, 43 мыңнан астамы зардап шекті
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР солтүстігінде Ішкі Моңғолия автономды өлкесінде соңғы бірнеше күннің ішінде жауған бұршақтан алты адам қаза тауып, тағы 43 мыңы зардап шекті.

Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады. Деректерге қарағанда , 8,8 мың гектар егіс танабы бүлінген. Жергілікті билік орындары 200 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Табиғаттың тосын жағдайынан болған экономикалық шығын 62 млн юаньды ($9,98 млн) құрап отыр. Құтқарушылар апат болған аймаққа шұғыл аттанып кетті.