Қытайда жауған қар салдарынан 100 мыңға жуық адам вокзалда қалып қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда толассыз жауған қар салдарынан ондаған мың адам теміржол стансаларында қалып қойған.
Елдің оңтүстігіндегі Гуанчжоу стансасында дүйсенбіге қараған түні 100 мыңға дейін адам жиналып қалған, деп хабарлады жергілікті полициядан.
Қазіргі кезде онда пойызбен кетуді көздеген 50 мыңнан астам адам қалып отыр.
Қар мөлшерінің көптігінен пойыздардың кейбіреулері қозғалысын тоқтатса, енді біреулері өсірілген интервалмен жүруде.
Қардың мұндай мол жауғаны Қытайлық Жаңа жылды тойлаумен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Би-би-си.
Полиция тәртіпті күзетуге 5200 қызметкер жұмылдырылғанын мәлімдеді.