Қытайда Жеңіс шеруіне дайындық өтіп жатыр (ФОТО)
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжің маңындағы базада Қытайдың Халық-азаттық армиясының әскерилері қытай халқының Жапонияға қарсы соғыстағы жеңісінің және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 70 жылдығына арналған шеруге дайындалып жатыр.
3 қыркүйекте Тяньаньмэнь бейжіңдік алаңдағы шеруге Қытай қарулы күштерінің шамамен 50 эшелоны қатысады: 12 мың әскери, 40 түрлі 500 техника, аспанға 20 түрлі шамамен 200 ұшақ көтеріледі.
Шеруге жұмылдырылған техниканың 84% алғаш рет көрсетіледі. Шеруге дайындық бойынша басқарушы топ бастығының орынбасары Цюй Жуйдың сөзіне қарағанда, шеруге оннан астам елдің өкілі қатысады. Олардың ішінде Қазақстан мен Ресей бар. Қытай халқының Жапонияға қарсы соғыстағы жеңісінің және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 70 жылдығын мерекелеуге орай ҚХР басшылығының шақыруымен Бейжіңге Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Мысыр, Чехия және Оңтүстік Корея президенттері келеді деп күтілуде. Еске сала кетейік, 18 тамыздан бастап, Бейжің маңындағы әскери базалардың бірінде шеруге қатысу үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің құрметті қарауыл ротасы (100 адамнан астам) қытайлық әріптестерімен бірлесіп дайындықтан өтіп жатыр.