Қытайда жер сілкінді -11 мыңға жуық адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясына қарасты Моцян-Ханийск автономды уезінде магнитудасы 4,4 -ке тең жер сілкінісі болды.
Қытайдың орталық телеарнасының хабарлауынша, қазіргі уақытта зардап шеккендер саны 10,8 мың адамнан асқан. Мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ , деп хабарлайды ТАСС.
Телеарнаның деректеріне қарағанда, табиғи апат төрт елді мекен аумағын шарпыған.
Жалпы алғанда 276 тұрғын үй, бірнеше шақырым суару арнасы, сондай-ақ көлік жолдары зақымданған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер уақытша баспанаға орналастырылған. Оларға қажетті көмек көрсетілуде.