Қытайда жер сілкінісі болды, зардап шеккендер мен бұзылулар жоқ

БЕЙЖІҢ. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Тибетте магнитудасы 4,5 балл жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерін сейсмологиялық қызметтер бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 11.26 кезінде ҚХР автономдық ауданының батыс бөлігіндегі Әли округінде тіркеді.

Қытайда жер сілкінісі болды, зардап шеккендер мен бұзылулар жоқ

Одан кейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де Сычуань уялаятының оңтүстік бөлігіндегі Чаннин және Синвэнь уездерінде магнитудасы 4,3 балл болатын жер сілкіністері тіркелді. Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.