Қытайда жер сілкінісі салдарынан 34 адам зардап шекті

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орын алған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 34-ке жетті.
None
None

Аталған елдің сейсмологиялық қызметінің ақпаратына сәйкес, жер дүмпуі салдарынан Шыңжаңда мемлекеттік маңызы бар тас жолға тау жынысы құлап, шамамен 120 адам сыртқы әлеммен байланысқа шығуға еш мүмкіндік ала алмай отыр. Сілкініс оры алған ауданда шамамен 4375 тұрғын үй бүлінген.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Астана уақыты бойынша сағат 03.07-де (Гринвич уақыты бойынша сағат 21.07-де 29 маусымда) Алматы қаласынан 630 шақырым шығысқа қарай, Қытайдың аумағында 6,6 балдық күшпен жер сілкінді. Зілзала 2 балдық жиілікпен Алматы қаласында, 3-4 балдық жиілікпен Қазақстан мен Қытайдың шекаралық аудандарында байқалды.

Соңғы жаңалықтар