Қытайда жер сілкінісінен бір адам опат болды, 320-дан астам адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Юньнань провинциясында жер сілкінісі салдарынан бір адам қаза болып, 324-і жарақаттанды. ҚХР азаматтық әкімшілік министрлігінің мәліметтеріне сүйенген ТАСС зардап шеккендердің сегізінің жағдайлары ауыр деп хабарлады. Күші 6,6 балл болатын жер асты дүмпуі сейсенбі кешке Пуэр қалалық ауданының Цзингу уезінде болды. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте орналасқан.
Апаттан зардап шеккен ауданда бірқатар үйлер қираған немесе зақым келген. Су және энергиямен қамту жалпы бұзылмаған. Жергілікті биліктегілер Пуэрға 10,6 мың шатыр, көрпе мен киім жіберді.
Еске сала кетейік, осы жылдың 3 тамыз айында Лудянь уезінде болған күші 6,5 балдық жер сілкінісінен Юньнань провинциясының 600-ден астам тұрғыны қаза болды.