14:22, 21 Сәуір 2013 | GMT +5
Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 181 адамға жетті
АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуань провинциясында болған аса қуатты жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 181 адамға жетті.
Ал дәрігер көмегіне жүгінгендердің саны 11, 2 мың адамнан асты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған РБК.
Магнитудасы 7, 0 болған жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуань провинциясында сенбі, 20 сәуірде тіркелді. Зілзала ошағы 13 шақырым тереңдікте, Яань қалалық округіне қарайтын Лушань уезі аумағында болған.
Апаттан зардап шеккен ауданда іздеу-құтқару жұмыстары жүруде, оған 6 мың әскери қызметші тартылды. Сенбі күні үшін оқиға орнына келген Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян құтқару операцияларына басшылық жасауда.