Қытайда жер сілкінісінен кейін көл пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жексенбі күні Хуншиянь ауылының маңында болған күшті жер сілкінісінен кейін таулы өзенде көл пайда болды. Оның жағалаудан асуы 800 жергілікті тұрғынға қауіп төндіріп отыр.
ИТАР-ТАСС жазғандай, бұл туралы Орталық қытай телеарнасы хабарлады. Халықты ауылдан көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы мәліметтер бойынша, күші 6,5 балдық зілзаладан кейін құрбан болған адамдар саны 380-нен асты.
Апат салдарынан 12 мың құрылыс нысаны қирап, тағы 30 мыңына зақым келді. Кейбір елді мекендер қаусырап қалды, деп хабарлайды Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары. Куәгерлердің айтуынша, қирандылардың астарында қаза болғандардың мәйіттері қалып жатыр.
Қазір зардап шеккен аудандарда 10 мыңға жуық әскерилер, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Құтқарушылардың жұмысына апат орнында қайталап болған дүмпулер кедергі келтіруде.
Көптеген жолдар әлі ашылған жоқ, көпірлер опырылды. Зардап шеккендерге көмек көрсетіп, апат зардаптарын жоюды тездетуді жексенбі кешке ҚХР төрағасы Си Цзиньпин тапсырды.
Жер сілкінісі 3 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша 16:30 кезінде болды. Жер асты дүмпулерінің ошағы 12 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрі Чжаотуннан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырым жерде орналасқан. 1974 жылы осы орындарда жер сілкінісінен кейін 1400 адам құрбан болды.