Қытайда Жібек жолының БАҚ Одағы құрылды
НАНКИН. ҚазАқпарат - Нанкин қаласындағы Жібек жолы бұқаралық ақпарат құралдары ынтымақтастығының алғашқы форумының қорытындысы бойынша «Нанкин консенсусы» қабылданды, ол Жібек жолының БАҚ Одағы («Silk Road Media Alliance» - SRMA) құрылуын қарастырады, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат тілшісі.
Құжаттың мәтінін «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсел Төлегенова оқып шықты.
Құжатта БАҚ арасында «Бір белдеу, бір жол» елдері арасындағы түрлі диалогтар ұйымдастыру, ақпарат және масс-медиа саласындағы технологиямен алмасу, бірлескен сұхбаттар құру көзделген.
Айта кетейік, Форум «ЭКСПО әлемнің тарихи және мәдени қалалары» аясында өтіп жатыр. Оны Қытайдың шет тілдердегі әдебиеттер баспа басқармасы мен «Жэньминь хуабао» (China Pictorial) баспасының қолдауымен және жәрдемдесуімен Нанкин үкіметі ұйымдастырды, деп хабарлады Нанкин баспасөз кеңсесі және Нанкин радио хабар тарату, кинематография және телевидение корпорациясы.
Форумның басты тақырыбы - «Пікір біртұтастығы, бірлескен құрылыс, ортақ күштердің жемісін пайдалану: «Бір белдеу, бір жол» аясында БАҚ ынтымақтастығы. Оған «Бір белдеу, бір жол» маңында орналасқан 13 елден 20 медиа құрылым өкілдері қатысады».
Шара үш панельді пікірталас өткізуді көздейді: «Жібек жолының бірлескен құрылысы аясында БАҚ ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері, сын-тегеуріндері», «БАҚ халықтардың өзара түсіністігін қалай нығайтады», «Бір белдеу, бір жол» қалаларының үлгілері», халықаралық аренада мәдени білімдерді тарату».Форумның екі сессиясында «Комсомольская правда - Казахстан» газетінің бас директоры Асылбек Бисенбаев пен «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсел Төлегенова сөз сөйледі.