Қытайда жол апатынан 15 адам қаза тапты
ХАРБИН. Синьхуа - ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстік –шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында болған жол апаты салдарынан 15 адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады ҚазАқпарат Синьхуа агенттігне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға сенбі күні сағат 04:00 шамасында Цитайхэ қаласының Боли округінде болды, тіркемесі бар трактор төрт дөңгелекті трактормен соқтығысқан.
ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі оқиғаның себептерін анықтауға және оның салдарын жоюға көмектесу үшін оқиға орнына жұмыс тобын жіберді.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау жұмыстары жалғасуда.