Қытайда жол апатында 60-тан астам адам мерт болды

БЕЙЖІҢ. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Қытайда соңғы екі күнде жол-көлік апаттарында 60-тан астам адам көз жұмды.

Қытайда жол апатында 60-тан астам адам мерт болды

Қытайдың Оңтүстік-Батысында орын алған екі жол апатында 25 адам мерт болып, 43-і жарақаттанды. Төтенше жағдайлардың себептері қауіпсіздік ережелерін бұзу, сондай-ақ жолаушылар автобустарындағы адамдар санының шамадан тыс көп болуы.

Жұма, 1 ақпан күні Ганьсу провинциясында (Қытайдың Солтүстік-Батысы) адамдардың шамадан артық отырғызылуынан автобус жыраға құлап кетіп, өртене бастады. Салдарынан 18 адам қаза болды, 34-і түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Осы күні Сычуань провинциясында (Қытайдың Оңтүстік-Батысы) жол апатында 11 адам мерт болып, 18-і зардап шекті.

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, бұл апаттар елде «ұлы көші-қон» бастау алған Қытай Жаңа жылының (Көктем мерекесі, биыл ол 10 ақпанға түседі) қарсаңында болды. Ол жыл сайын болады және әлем халқының ең ірі көші-қоны саналады.

ҚХР Мемжоспарының мәліметтеріне сәйкес, Көктем мерекесі кезінде материктік Қытайдың ішінде 3,41 млрд. сапар жасалады деп күтілуде. Сапарлардың 99 пайызы теміржол және автомобиль көліктерінің үлесінде. Бұл ретте, тек 225 миллион «қытайлық мигрант» темір жол қызметін пайдаланады, ал жолаушылардың қалған басым бөлігі (3,1 млрд. адам) халықаралық автобус бағыттарын таңдаған.

Жолда жүру ережелерін сақтамау, жылдамдықты асыру, көлікке отырғызылатын адамдар санын арттыру және ауа райының қолайсыз жағдайында таулы аумақтарда жүру машықтарының жеткіліксіздігі жылдың бұл кезеңінде жол-көлік апаттарына алып келеді.