Қытайда жол-көлік оқиғасына ұшыраған автобуста 16 адам қаза тауып, 23 адам жарақаттар алды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайдың орталық бөлігіндегі Сюйчан қаласына жақын жерде жолаушылар толы автобус пен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан 16 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды РБК.

Қытайда жол-көлік оқиғасына  ұшыраған автобуста 16 адам қаза тауып, 23 адам жарақаттар алды

Жергілікті билік органдары хабарлап отырғандай, төрт адам оқиға орнында қаза тапты, қалған 12-сі алған жарақаттарынан көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция оқиға себептерін анықтау үстінде.