Қытайда жол-көлік оқиғасында 35 адам көз жұмды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласындағы күрежолда жол-көлік оқиғасының салдарынан кемінде 35 адам қаза болды және 18-і жарақаттанды, деп хабарлады Утро.ру. агенттігі.

Қытайда жол-көлік оқиғасында 35 адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы Тяньцзинь мен Баодин қаласын көршілес Хэбэй провинциясымен жалғастыратын автомагистральда болды. Автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылды. Полицияның мәліметіне қарағанда, автобус жоғары жылдамдықпен келе жатқан.

Бұдан бұрын Орталық және Шығыс Қытайдағы екі жол-көлік оқиғасында 17 адам қаза болып, 19-ы жарақат алған еді.