Қытайда жол опырылып, 8 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жаңадан салынып жатқан метро құрылысында апат болып, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жазатайым оқиға сәрсенбі күні кешкісін Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Фошань қаласында болған. Апат орнынан түсірілген видео агенттіктің Туиттердегі парақшасында жарияланды.
8 killed, 3 missing in cave-in at metro construction site in south China pic.twitter.com/0KJByjRQit
— China Xinhua News (@XHNews) 8 февраля 2018 г.
Хабарларға қарағанда оқыс оқиға салдарынан тоғыз адам жарақат алған, тағы үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Астынан метро өтуі тиіс жолдың бір бөлігі опырылып түскен. Оның себептері әзірше белгісіз.
Факт бойынша тексерістер басталды.