Қытайда жолаушылар лайнері кемірушінің салдарынан шұғыл қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханчжоу-Сишуаньбаньн бағытымен ұшқан қытайлық Loong Air әуе компаниясының A320 жолаушылар ұшағы бортынан егеуқұйрық табылғандықтан, әуежайға қайта қонуға мәжбүр болды.

Қытайда жолаушылар лайнері кемірушінің салдарынан шұғыл қонуға мәжбүр болды

Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлады.

Қазір кемірушінің ұшаққа қалай кіргені анықталып жатыр.

Егеуқұйрықтар электр сымдарын да кеміреді, сондықтан ол әуе кемесіне қауіп төндіреді, деп атап өтті агенттік. Оқиғадан кейін ұшақ залалсыздандырылды.