Қытайда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-шығысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Нақтыланған мәліметтер бойынша, апаттың салдарынан ең кем дегенде 42 адам опат болған. РБК агенттігінің хабарлауынша, 47 адам аман қалған. Олардың барлығы жарақаттар алған. Құлаған ұшақтың бортында, нақтыланған мәліметтер бойынша, барлығы 91 адам болған.

Қытайда  жолаушылар ұшағы апатқа  ұшырады

Henan Airlines компаниясының Харбиннен ұшып келе жатқан Embraer E-190 жолаушылар ұшағы Хэйлунцзян уәлаятының Ичунь қаласында сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22.20-да апат болған. Ұшақ ұшып-қону алаңының сыртына қонып, жана бастаған.