Қытайда жолдама үшін бақ сынайтын боксшыларымыздың есімдері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 наурыз - 3 сәуірде Қытайда бокстан олимпиадалық іріктеу жарысы өтеді. Бұл сынға Қазақстаннан қатысатын боксшылар есімі белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz.

Қытайда жолдама үшін бақ сынайтын боксшыларымыздың есімдері белгілі болды

52 келіде Азия чемпионы Олжас Сәттібаев, 56 келіде 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиев, 64 келіде жасөспірімдер арасындағы олимпиаданың чемпионы Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіде Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, +91 келіде Иван Дычко жолдамаға таласады.

49 келіде Біржан Жақып, 60 келіде Берік Әбдірахманов, 69 келіде Данияр Елеусінов жолдама иеленген.

Қыздар арасында жолдама үшін әлем чемпионы 51 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Назым Ишанова, 75 келіде Дариға Шакимова шаршы алаңға шығады.