Қытайда жолға төгілген шарап салдарынан автобус аударылып, 12 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хэнань провинциясында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан жол апаты орын алды. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, автобус жүргізушісі жолға төгілген шарап салдарынан рульді басқара алмай, автобус аударылып, жүк көлігіне барып соғылған.
9 адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы үшеуі госпитальда алынған жарақаттың ауырлығынан көз жұмды. 19 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Полиция екі жүргізушіні де ұстады. Тексеру жүргізілуде.