Қытайда жойғыш ұшақтағы ақаудың салдарынан әйел-ұшқыш қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жойғыш -бомбалағыш ұшақтың жаттығуы кезінде әйел-ұшқыш ажал құшты.
Юй Сюй есімді ұшқыш әйел Chengdu J-10 жойғыш ұшақ бортында проблемалар туындағаннан кейін еріксіз катапултьта жасаған. Бірақ жерге қонуы сәтсіз болды, деп хабарлайды ТАСС. Әйел ауыр жарақат алып, көз жұмды.