Қытайда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті , олардың 13-і қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Синъи қаласында (Гуйчжоу провинциясы, Оңтүстік Қытай) жүк көлігі бір топ адамға соғылып, олардың 13-і мерт болды, 12 адам жарақаттанды.

Қытайда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті , олардың 13-і қаза тапты

Қозғалыс кезінде жүк автомобилінің тежегіші істемей қалған. Жүргізуші көлікті басқара алмай, адамдарды қағып, аударылды.

Жарақаттанғандар ауруханаға жіберілді. Оқыс оқиғаның өзге анық-қанығы айтылмай отыр, деп жазады Синьхуа.