Қытайда жүргізушісі жоқ автобус 30 шақырымдай жол жүріп, сынақтан сәтті өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда әлемде жүргізушісіз басқарылатын бірінші автобустың тест-драйвы сәтті өтті.

Қытайда жүргізушісі жоқ автобус 30 шақырымдай жол жүріп, сынақтан сәтті өтті

Сынақтың табысты өткізілуі туралы 8 қыркүйекте қытайлық «Юйтун» автобус компаниясының дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасаған Синьхуа агенттігі хабарлады.

Чжэнчжоу қаласынан Хэнань провинциясына шыққан жүргізушісіз басқарылатын автобус 30-дан астам шақырымдай жол жүріп, Кайфэн қаласына жетті. Арасында бағдаршамдар қойылған 26 жол қиылысы бар осындай үлкен қашықтықтан өту көлік құралында орнатылған екі таспа, төрт лазерлік қашықтық өлшеуіш құрал, кешенді навигациялық жүйе және миллиметрлік диапазондағы радардың арқасында мүмкін болды.

Техниканың бұл ғажабына ие «Юйтун» компаниясы 2014 жылдың қорытындылары бойынша автобустарды сатудан әлемде бірінші орын алып отыр.