Қытайда журналистер пара алды деген күдікпен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен елдегі танымал Twenty-First Century Business Herald басылымының 8 журналисі ұсталды, деп хабарлайды ВВС.
Полицияның мәліметінше, журналистер Шанхай мен Шэньчжэндегі екі PR-агенттігімен сыбайлас болып, кәсіпкерлерден жағымды мақалалар үшін ақша талап еткен. Егер бас тартқан жағдайда, олардың кәсіптері туралы теріс хабар тарататындығын ескертіп, қорқытқан.
Ал басылым аталған жағдай туралы әлі нақты түсінік берген жоқ. Айта кету керек, «Twenty-First Century Business Herald» - Қытайдағы тәуелсіз, ықпалды басылымдардың бірі.