10:54, 03 Мамыр 2017 | GMT +5
Қытайда жылдамдығы 400 км/с болатын жүрдек пойыз жасалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың теміржол жылжымалы құрамы корпорациясы (CRRC) 2020 жылға қарай жылдамдығы 400 км/сағатқа жететін өте жылдам пойыз жасап шығармақ. Бұл туралы ТАСС China Daily газетіне сілтеме жасап хабарлады.
«Пойызды жасау барысында көміртекті талшықтар мен алюминий қорытпасы сынды жаңа материалдарды қолданудамыз. Олар салмақтық жүктемені азайтып, энергетикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді CRRC-ға қарасты және жобаға жетекшілік етуші Чанчунь теміржол көлігі компаниясының бас инженері Цяо Фэн.
Инженердің айтуынша, жаңа пойыз жылдамдығы 350 км/сағатқа жететін қолданыстағы локомотивпен салыстырғанда, әр жолаушының орташа энергия тұтыну көрсеткішін 10%-ға төмендетеді.