Қытайда зілзаладан 280 мың адам зардап шекті

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысында болған зілзала салдарынан 28 адам жарақат алды және 280 мың адам материалдық шығынға ұшырады. Қолда бар деректерге қарағанда адам шығыны жоқ,

Қытайда зілзаладан 280 мың адам зардап шекті

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Магнитудасы 5 балдық жерасты дүмпуі дүйсенбі күні Бейжің уақыты бойынша сағат 05:07-де тіркелді. Зілзала кіндігі Юньнань провинциясындағы Биньчуань уезінде орналасқан.

Бір мыңнан астам тұрғын үй қираған, тағы 30 мың үй бүлінген. Зілзала сонымен қатар, жергілікті мал шаруашылығына да зиян келтірді: 430-дан астам бас ірі қара мал өлді.