Қытайда зоопарк аюлардың киініп алған адам емес, тірі аю екенін дәлелдеуге мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытай зообағы видеодағы аюдың костюм киген адам емес, тірі аю екенін түсіндіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Қытайда зоопарк аюлардың киініп алған адам емес, тірі аю екенін дәлелдеуге мәжбүр болды
Фото: Brigitte Werner/Pixabay

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы зообағы жұртқа малай аюларының костюм киіп алған адамдар емес, тірі аю екенін түсіндіруге мәжбүр болды.

Оған интернетте жариялаған видео себеп болған. Онда аюлардың бірі тұрып тұрған адамға ұқсайды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі оны адам деп ойлаған. Оған жауап ретінде Ханчжоу зообағы өкілдері адамдар аюдың бұл түрін көп біле бермейтінін мәлімдеді.

Видеода вольердің шетінде тұрып, адамдарды бақылап тұр.

Әлеуметтік желі қолданушылары аю табанының ұшымен тіп-тіке тұрғанына таңғалысты. Сондай-ақ, оның жүні де аю костюміне ұқсағандай көрінген.

Зообақ қызметкерлері аюдың атынан мынадай мәлімдеме жариялады: «Кейбір адамдар мені адам сияқты деп ойлайды... Бірақ, сіздер мені жақсы білмейтін секілдісіздер».

«Аюлар туралы сөз қозғалса, үлкен әрі мықты фигура елестейді... Бірақ, барлық аю ондай алып, қауіпті емес», - делінген мәлімдемеде.

Хайуанаттар бағының өкілдері малай аюлары, оларды «күн аюлары» деп те атайды немесе бируангтар - аюлардың ең кішкентай түрі екенін еске салды: олар әдетте үлкен итпен шамалас, денесінің ұзындығы бір жарым метрге дейін жетеді.

Бұл Оңтүстік-Шығыс Азияның тропикалық ормандарында кездесетін жойылып бара жатқан түрі.