Қытайда зымыран тасығыштың жаңа түрі шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда зымыран тасығыштың жаңа түрі іске қосылды, ол келешекте орбитаға жер серіктерін шығару үшін пайдаланылатын болады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қытайда зымыран тасығыштың жаңа түрі шығарылды

«Ұзақ марш-2» аталатын зымыран, қытайлық БАҚ ақпаратына сүйенсек, алғаш рет отынның уытты емес түрі мен тотықтырғышты пайдаланылады.

Ол бортында шағын 20 жерсерікпен Шаньси провинциясындағы солтүстік полигон алаңынан ұшырылды. Оны бірқатар эксперименттер мен жаңа материалдарды сынақтан өткізу үшін пайдаланады.