Қытайдағы алтын өндіру кенішінде болған жарылыс бес адамның өмірін қиды

АСТАНА. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат - Қытайдағы алтын өндіру кенішінде болған жарылыстан кемі бес адам мерт болды,

Қытайдағы алтын өндіру кенішінде болған жарылыс бес адамның өмірін қиды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Өндірістегі қауіпсіздікті қадағалау басқармасы өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиға ішкі Моңғолия автономды ауданындағы Линьси уезінің аумағында орналасқан кеніште болған. Жарылыстың себебі әзірге белгісіз. Тергеу жүргізілуде.