Қытайдағы атақты салмағы бір тонналық «үйректі» су шайып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Гуйян (Гуанчжоу провинциясы) қаласында жасыл үйрек түріндегі алып резеңкеден жасалған мүсінді жауын суынан пайда болған тасқын шайып кетті.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, даниялық суретші Флорентин Хофманның салмағы 1 тонна, биіктігі 18 метр болатын жұмысы 10 тонналық металл платформадан құлаған. Мүсін тасқын екпініне төтеп бере алмай аударылып, су шайып кеткен.
"Өзен маңында «сары үйректі» көрсеңіздер көрсетілген номерге хабарласуыңызды сұраймыз ", деп хабарлады жергілікті радиодан.
Резеңкеден жасалған атақты үйрек Нью-Йорк, Токио, Осаке, Сан-Паулу сияқты әлемнің ірі қалаларындағы көрмелерге қойылған.