Қытайдағы белгілі диктор Мұратбек Тесебаев дүниеден озды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытай қазақтарына белгілі диктор Мұратбек Тесебаев 83 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы оның 25 жыл бірге жұмыс істеген әріптесі ақын, журналист, диктор Серік Әбілұлы хабарлады.

Қазақта диктор жайлы сөз болса, Әнуарбек Байжанбаевтың аты қашанда бірінші болып еске түсетіні белгілі. Өйткені Әнуарбек Нығметжанұлы таңғажайып дауысымен халқының санасында мәңгілікке сақталып қалды. Сол атақты дикторды өзіне кәсіби де, рухани да ұстаз тұтқан, дауысымен талайды тамсандырып, аға жолын қуған Мұратбек Тесебайұлы да біртуар дара талант иесі еді. Салиқалы еңбек жолының 58 жылын радиоға арнаған, эфирден толығымен 50 роман оқыған ардагер журналист, диктор Мұратбек Тесебаев - шетелдегі қазақ журналистикасының дамуына елеулі еңбек сіңірген айтулы тұлға.

Мұратбек Тесебайұлы 1939 жылы 15 желтоқсанда Қытайдың Алтай аймағы Жеменей ауданында дүниеге келген.

Айта кетейік, 2015 жылы ҚХР-ның Үрімжі қаласына ҚазАқпарат тілшісі арнайы барып белгілі диктордан сұхбат алған болатын.



Соңғы жаңалықтар
telegram