Қытайдағы ең ірі әскери кемеде қазақ қызы жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытайдың Лияуниң атты әскери авиаматкасында (әскери ұшақтарды қабылдайтын кеме) жауынгер қазақ қызы Рамила Дабылқызы өз міндетін мінсіз атқарып келеді. Осындай мазмұнда Қытайдың «Орталық халық радиосы» ақпарт порталы мақала жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«27 жастағы қазақ қызы Рамила Дабылқызы Қытайдың ең ірі Лияуниң әскери авиаматкасында қызмет етіп жатқанына биыл 8 жылдан асып барады. Ол қазіргі уақытта алып кемеге қонған соғыс ұшағының жылжымауына кепілдік ету міндетін атқаратын теңіз әскеріндегі бірден-бір әйел адам», деп жазады қытайлық басылым.

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, Рамила Дабылқызы дарыныны мен білім-білігі, тәжірибесі арқасында қызмет орнында өз қатарластарын таңғалдырып келеді.

Айта кетейік, Рамила Дабылқызы 2014 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін әскерге баруға шешім қабылдайды. Сол жылы желтоқсан айында әскери емтиханнан өтіп, Лияуниң авиаматкасында әскерлік міндетін өтейді. Ол қазіргі кемеге қонған соғыс ұшағын орнықтырушы міндетін атқарудан бұрын радиолокациядағы сарбаз және оператор болып жұмыс істеген. Рамила тұңғыш рет әскери ұшақты көргеннен кейін авиаматканың ұшу-қону алаңында қызмет істеуге қызығушылық танытқан. Сөйтіп, 2021 жылы ол ұшақ орналастыру тобындағы бірден-бір әйел-теңіз әскері болу құрметіне ие болған.

«Бүгінгі күні Рамила аталған жұмыс орнында қазақ қызына тән қайсарлығымен өз жұмысында лайықты, дайындығы мығым қызметкер екенін дәлелдей алды», деп түйіндейді қытайлық «Орталық халық радиосы» ақпарт порталы.


Соңғы жаңалықтар