Қытайдағы «Формула-1» жарысында «Мерседес» пилоты Хэмилтон бес орынға кейін жылжытылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -«Формула-1» сыныбындағы машиналар жарысы бойынша әлем чемпионатында «Мерседес» командасының пилоты Льюис Хэмилтон автомобилінің беріліс қорабын ауыстырғаны үшін Қытайдағы Гран-при жарысын бес орынға кейін бастауы керектігі жөнінде жаза белгіленді. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлайды.

Қытайдағы «Формула-1» жарысында «Мерседес» пилоты  Хэмилтон бес орынға кейін жылжытылды

«Мерседес» өкілдерінің мәлімдеуінше, көліктің беріліс қорабы алдыңғы Бахрейнде өткен әлем біріншілігінің Гран-при жарысында бұзылған. Жарыс ережесі бойынша пилот бір беріліс қорабын алты жарыс қатарынан ауыстырмай пайдалануы тиіс. Осылайша, Хэмилтон жарысты алтыншы орыннан бастайды.

Соңғы екі әлем біріншілігінің кезеңдерінде Хэмилтон 33 ұпаймен екінші орында келеді, ол командасындағы Нико Росбергтен 17 ұпай аз жинаған.

Ал кезекті Гран-при Қытайдың Шанхай қаласында 15-17 сәуірде өтеді.