Қытайдағы Гуанчжоу қаласының вокзалында робот жолаушыларға көмек көрсетіп жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көмекші роботтың аты - Сяолу. Ол «Кішкентай ақ нефрит» деп аударылады.

Қытайдағы Гуанчжоу қаласының вокзалында робот жолаушыларға көмек көрсетіп жүр

Сяолу таяу уақыттан бері Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласының Оңтүстік вокзалында жұмыс істеп жүр. Әрбір саяхаттаушы оның көмегімен пойыздардың жүру кестесін, кассаларда билеттердің бар-жоғын біліп, ауа райы туралы ақпарат ала алады, деп жазады Синьхуа.