Қытайдағы қандас жазушымыз Қажығұмар Шабданұлы дүниеден озды

АЛМАТЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Қытайдағы қазақ қаламгері Қажығұмар Шабданұлы 86 жасында Шәуешектегі өз үйінде ұзаққа созылған ауыр науқастан дүние салды.
None
None

Бұл туралы «Абай.kz» ақпараттық порталы хабарлады.

1932 жылы жеті жасында Голощекин ашаршылығы кезінде жұртпен бірге шекара асып, Қытай жеріне өткен ол Шәуешек қаласында тұрақтайды. 50-жылдардың соңына қарай Қытайда басталған мәдени төңкеріс науқаны кезінде қуғын-сүргінге ұшырап, саяси тұтқын ретінде сотталып, Такламакан шөліндегі Тарым түрмесінде 20 жыл жатады. Одан шыққаннан кейін Кеңестер Одағының тыңшысы деген жаламен Үрімші түрмесінде тағы 15 жылын өткізді.

Өмірінің 40 жылдай уақытын абақтыда өткізген тағдырлы жазушы Қытай Халық Республикасында «саяси қылмыскер» атанды. Осынша ауыр тағдырын суреттейтін, бүгінде халық арасында кең таралған 6 томдық «Қылмыс» романын жазып шыққан еді.

Соңғы жаңалықтар